Баспасөз орталығы

Elorda Eco System нөсер жауын кезінде әрдайым сақтықта!

Жаңбырлы күндері кәсіпорынның жұмыс бригадалары тұрақты кезекшілікте болып, туындауы мүмкін кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын. Күн сайын бригадалар жаңбыр қабылдағыштарды, коллекторлар мен су бұру құрылыстарын қоқыстан, лайдан және шөгінділерден тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді. Бұл олардың өткізу қабілетін сақтап, жаңбыр суларын тиімді бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жауын-шашын кезінде қаланың су бұру жүйесінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Барлық жаңбыр қабылдағыштар штаттық режимде жұмыс істеп, келіп түскен суды қабылдауда. Жұмыс бригадалары мен арнайы техника дайындық жағдайында болып, қажет болған жағдайда оқиға орнына жедел шығады. Басты міндет — су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және елорда тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау.

№2.3 тазарту құрылысында авариялық су бұру жүйесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК №2.3 тазарту құрылысында авариялық жағдайда суды бұру жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында диаметрі 800 мм болатын құбырды төсеу жұмыстарын жүргізді. Жоба аясында жоғары өткізу қабілетіне ие жаңа құбыр желісі орнатылып, төтенше жағдайлар кезінде немесе жүйеге түсетін жүктеме артқан сәтте артық суды жедел бұру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұл инженерлік шешім тазарту құрылысының тұрақты жұмысын сақтауға, гидравликалық жүктемені азайтуға және су басу қаупінің алдын алуға бағытталған. Жұмыстар өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы ұйымдастырылды. Мамандар мен арнайы техника күндіз-түні жұмыс істеп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын белгіленген мерзімде орындады. «Elorda Eco System» инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар нөсер және еріген қар суларының қауіпсіз әрі тиімді өткізілуіне, сондай-ақ қаланың су бұру жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Байқоңыр ауданында арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілді

Байқоңыр ауданында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары арық желілерін қоқыстан қолмен тазалау және іргелес аумақтағы шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді. Жұмыстар барысында арықтарда жиналған тұрмыстық қалдықтар, шөп-қалдықтары және су ағымына кедергі келтіретін бөгде заттар тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, іргелес аумақтағы шөптер шабылып, инженерлік инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалды. Аталған жұмыстар жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз өткізуге, арық желілерінің өткізу қабілетін сақтауға, олардың бітелуінің алдын алуға және аумақтың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. «Elorda Eco System» мамандары қала аумағындағы су бұру жүйелеріне тұрақты түрде күтім жасап, профилактикалық жұмыстарды жүйелі негізде жүргізуді жалғастыруда. Тұрғындардан арықтар мен су бұру арналарына тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бұл қарапайым талаптарды сақтау су басу қаупін азайтуға және инженерлік желілердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Су бұру жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Кемеңгерұлы көшесінде қамыс өсімдіктерін шабу және су бұру науаларын тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шаралар жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз ағызуды қамтамасыз етуге, су бұру жүйесінің бітелуінің алдын алуға, сондай-ақ жергілікті су басу қаупін төмендетуге бағытталған. Жұмыстар нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарын жоспарлы күтіп ұстау аясында жүзеге асырылуда.

Астанада бір күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің үштен біріне жуығы жауды

Астанада бүгін нөсер жауын жауып, небәрі 22 минут ішінде 11,4 мм жауын-шашын түсті. Жалпы 23 шілдеде жауған жауын-шашын көлемі 18,2 мм-ге жетіп, бұл айлық норманың шамамен үштен бірін құрады. Қала коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұған дейін, 22 шілдеде Астанада 20,8 мм жауын-шашын жауған болатын. Осылайша, екі күн ішінде елордада жалпы 39 мм жауын-шашын жауып, бұл айлық норманың шамамен 70%-ына жетті. Қатты жауын-шашын салдарынан қаланың жекелеген аумақтарында су жиналды. Қолайсыз ауа райының салдары жедел түрде жойылды. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды тазалау, құбырларды бумен өңдеу, нөсер кәрізі жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және т.б. жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Elorda Eco System» кәсіпорнында мерейтой иелерін құттықтады

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-да қызметкерлерді мерейтойларымен құттықтау игі дәстүрге айналған. Бұл – олардың көп жылғы адал еңбегіне, кәсібіне деген адалдығына және кәсіпорынның дамуына қосқан үлесіне көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның бас директоры Бейбіт Булатович Жаваров ұжым атынан мерейтой иелерін құттықтап, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз міндеттеріне деген жауапкершілігі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Кәсіпорын басшылығы мерейтой иелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби табыстар мен ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК өз қызметкерлерін жоғары бағалайды. Себебі кәсіпорынның басты байлығы әрі тұрақты дамуының негізі – өз ісіне адал жандар.

Ақжол көшесінде жаңбыр суын қабылдау құдықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді

Ақжол көшесінде «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның нөсер кәрізін пайдалану бригадасы нөсер кәрізі нысандарын жоспарлы күтіп ұстау аясында жаңбыр суын қабылдау құдықтарын тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз қабылдау мен бұруды қамтамасыз етуге, нөсер кәрізі желілерінің бітелуінің алдын алуға, сондай-ақ жауын-шашын кезінде жергілікті су басу қаупін азайтуға бағытталған. Жұмыстар барысында жаңбыр суын қабылдау құдықтары лай шөгінділерінен, құмнан, қоқыстан және судың қалыпты өтуіне кедергі келтіретін басқа да ластаушы заттардан тазартылды. Нөсер кәрізі жүйесінің элементтеріне тұрақты түрде қызмет көрсету олардың өткізу қабілетін сақтауға, жерүсті су бұру жүйесінің сенімді жұмысын арттыруға және атмосфералық жауын-шашын суларын уақытылы бұруға мүмкіндік береді. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК елордадағы нөсер кәрізі нысандарын тұрақты әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында оларды күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда.

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының атынан берілген Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Елорданың дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директоры Бейбіт Болатұлы Жаваров табыстап, ұжымға адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Алғыс хаттардың табысталуы – күн сайын нөсер кәрізі жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, қаланың коммуналдық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлердің кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшылығы марапатталған қызметкерлерді лайықты марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби қызметтеріне толағай жетістіктер тілейді.

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАНДЫ

Кәсіби мереке – Су шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Қазақстан Су қауымдастығының «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Су қауымдастығының төрағасы 2026 жылғы 8 шілдеде қол қойды. Жоғары марапатқа ие болғандар: Шаймұхамбетов Бахриден Теміржанұлы; Жармақов Абылайхан Дәулетбекұлы; Абильбаев Роман Сергеевич; Құрманбаев Ерлан Қасымұлы; Қойшыбай Орынбасар Жанабайұлы; Орынбеков Нұржан Мұқатұлы; Бимендин Жасұлан Әуезханұлы; Қазыбек Мизамқан; Орынбеков Нұрбай Мұқатұлы; Сумара Дмитрий Борисұлы. Бұл марапат – қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігінің және елорданың инженерлік инфрақұрылымы нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесінің лайықты бағалануы. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, толағай табыстар мен елордамыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілейді.

ЖЕРҮСТІ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ АРТТЫРЫЛДЫ

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК хабарлайды: қайталама су жиналуының алдын алу мақсатында аталған учаскеде бүгін жерүсті су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар аясында диаметрі 100 мм қолданыстағы құбыр диаметрі 300 мм құбырға ауыстырылды. Бұл арық-науа желісінің өткізу қабілетін едәуір арттырып, нөсерлі жауын-шашын кезінде жаңбыр суларын тиімді бұруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар нөсер кәрізі нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар шеңберінде жедел түрде орындалды. Тұрғындардың уақтылы хабарлағаны үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Кәсіпорын мамандары нөсер кәрізі нысандарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Нөсер кәрізінің тазарту құрылыстарында жоспарлы тазарту жұмыстары жалғасуда

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары елорданың нөсер кәрізі нысандарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Жоспарлы іс-шаралар аясында ТҚ 1–4 тазарту құрылыстарында мамандандырылған техниканың көмегімен тазарту жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, ТҚ 2–1 тазарту құрылысында реттегіш-тұндырғышта жиналған лайды шаю жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар түпкі шөгінділерді жоюға, құрылыстардың жобалық өткізу қабілетін қалпына келтіруге, жерүсті ағын суларын тазарту тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бітелулердің алдын алуға және жауын-шашын кезеңінде нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК нөсер кәрізі нысандарын күтіп ұстау және оларға уақтылы қызмет көрсету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, олардың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде.

«Elorda Eco System» басшылығы еске алу турниріне құрметті қонақ ретінде қатысты

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшылығы «Астана су арнасы» МКК-ның бас директоры Жаңбыршы Есетұлы Нүркеновті еске алуға және оның туғанына 80 жыл толуына арналған шағын футбол турниріне құрметті қонақ ретінде қатысты. Осындай іс-шаралар коммуналдық саланың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті басшыларға тағзым етудің белгісі ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыстарды нығайтуға, корпоративтік бірлікті қалыптастыруға және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға ықпал ететін маңызды алаң болып табылады. «Elorda Eco System» басшылығының аталған турнирге қатысуы елордадағы коммуналдық кәсіпорындардың өзара тығыз ынтымақтастығын айқын көрсетеді. Барлығымызды ортақ мақсат — қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және Астана қаласының одан әрі дамуына үлес қосу біріктіреді. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырып, қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің дамуына өмірін арнаған тұлғаның жарқын есімін ұлықтап жүрген ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.