Баспасөз орталығы

«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК қайғырып көңіл айтады

«Елорда Эко Систем» ұжымы Маңғыстау облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, барша отандастарымызға қайғырып, шын жүректен көңіл айтады. Мемлекет басшысының шешімімен бүгін, 25 қыркүйекте елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Отан алдындағы антына адал болып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің жарқын бейнесі, жанқиярлығы ел жадында мәңгі сақталады. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, марқұмдардың жақындарына, туған-туыстары мен қарулас жолдастарына рухани сабыр, бекем төзім және күш-қуат тілейміз. Сарбаздардың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. «Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК

Қалдаяқов көшесінде нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде Астана қаласында су тасқыны мен жауын-шашын салдарының алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Осы орайда «Елорда экосистем» ШЖҚ МКК мамандары Сарайшық ауданы, Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойындағы жауын-шашын қабылдайтын құрылғылар мен нөсер кәрізі жүйесін механикаландырылған тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инженерлік желілерді тазарту барысында заманауи «Camel» кешенді гидродинамикалық тазалау арнайы техникасы қолданылуда. Бұл техника құбырлар мен су қабылдағыш торларда жиналған шөгінділерді, құм мен тұрмыстық қалдықтарды жоғары қысыммен жуып, бір мезетте сорып алуға мүмкіндік береді. Аталған шаралар нөсер суын өткізу жүйесінің өткізу қабілетін арттыруға және ауа райының қолайсыз кезеңдерінде көшелерде су іркілуіне жол бермеуге бағытталған. Қала аумағындағы инфрақұрылымды тазарту және күтіп ұстау жұмыстары кәсіпорынның тұрақты бақылауында.

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы Астана қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» — ортақ жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы сенбілікке «Елорда Эко Систем» ұжымы да белсенді қатысып, қоршаған ортаны абаттандыру және қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтуіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Таза әрі жайлы қала — баршамызға ортақ. Қаланың тазалығын сақтау тек арнайы қызметтердің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Тазалық — тәртіптен басталады! Астананы бірге таза ұстайық!

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде

Қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қызметкерлері күнделікті коллекторлық жүйелерді қоқыстардан тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Нөсер жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және жаңбыр суларын кедергісіз өткізу үшін нөсер кәріз жүйелеріндегі жиналған қоқыс, лай және басқа да қалдықтар тазартылып, жүйелердің қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі. 🧹 Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, нөсер суының жиналуына жол бермеу және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Сарайшық ауданында су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Сарайшық ауданында көшелерді су басу қаупін азайту және жауын-шашын кезінде судың кедергісіз бұрылуын қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мамандар су жиналуы мүмкін учаскелерге қосалқы су бұру құбырларын орнату жұмыстарын атқаруда. Аталған жұмыстар жаңбыр және қар еріген кезеңдерде су басу қаупін төмендетіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. "Elorda Eco System" ШЖҚ МКК қызметкерлері елорда аумағында су басу жағдайларының алдын алу және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Сарайшық ауданындағы Нәжімеденова көшесінде жаңбыр қабылдағышты тазалау және кәріз коллекторын шаю жұмыстары жүргізілді

🌧 «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде Қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қызметкерлері күнделікті коллекторлық жүйелерді қоқыстардан тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Нөсер жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және жаңбыр суларын кедергісіз өткізу үшін нөсер кәріз жүйелеріндегі жиналған қоқыс, лай және басқа да қалдықтар тазартылып, жүйелердің қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі. 🧹 Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, нөсер суының жиналуына жол бермеу және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК – елорданың тазалығы мен жайлылығы үшін күн сайын еңбек етеді! 💚

«Elorda Eco System» кәсіпорнында мотопомпалар мен ПНС-ті қауіпсіз пайдалану бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру және арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану мақсатында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Сабақ барысында қызметкерлерге мотопомпалар мен ПНС-ті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану тәртібі, қауіпсіздік техникасы талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, сондай-ақ жұмыс барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Оқу-жаттығу сабақтары ТҚПҚ, ЖМШ және ССПҚ қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге қажетті нұсқама жүргізіліп, тиісті жазбалар нұсқамаларды есепке алу журналына енгізілді. Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ арнайы техниканы тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік – әрбір қызметкердің басты міндеті!

«Elorda Eco System» кәсіпорнында мотопомпалар мен ПНС-ті қауіпсіз пайдалану бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру және арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану мақсатында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Сабақ барысында қызметкерлерге мотопомпалар мен ПНС-ті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану тәртібі, қауіпсіздік техникасы талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, сондай-ақ жұмыс барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Оқу-жаттығу сабақтары ТҚПҚ, ЖМШ және ССПҚ қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге қажетті нұсқама жүргізіліп, тиісті жазбалар нұсқамаларды есепке алу журналына енгізілді. Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ арнайы техниканы тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік – әрбір қызметкердің басты міндеті!

«Elorda Eco System» кәсіпорнында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-да Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасы бөлімінің прокурорымен профилактикалық кездесу өтті. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында өткен кездесуде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау, бюджеттік және қаржылық тәртіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысының алдын алу, еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Кәсіпорынның негізгі қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтау, қабылданатын шешімдердің объективтілігі және барлық жұмыс процестерін тиісті түрде құжаттандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Elorda Eco System» кәсіпорнында алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық семинар өткізілді

«Elorda Eco System» кәсіпорнында қызметкерлерге зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық семинар өткізілді. Оқыту жұмысын ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері ұйымдастырды. Семинар барысында мамандар алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерін таныстырып, одан кейін кәсіпорын қызметкерлері практикалық жаттығуларға қатысып, түрлі жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын пысықтады. Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің төтенше және штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындығын арттыруға, сондай-ақ қажетті практикалық дағдыларды бекітуге мүмкіндік береді.

Elorda Eco System тазарту құрылыстарында тұндырғыш-реттегішті тазарту жұмыстары жүргізілді

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ға қарасты тазарту құрылыстарында отстойник-регуляторда жоспарлы тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында нысанның түбінде және жұмыс аймақтарында ұзақ уақыт бойы жиналған ластанулар, тұнбалар мен шөгінділер тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты – тазарту құрылыстарының техникалық жағдайын тиісті деңгейде сақтау, технологиялық процестердің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және нысанның тиімді әрі үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасау. Мұндай профилактикалық жұмыстар тазарту құрылыстарының өткізу қабілетін сақтауға, жабдықтар мен инженерлік жүйелерге түсетін жүктемені төмендетуге және нысанның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Elorda Eco System» қаланың жаңбыр суы кәрізі жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тазарту құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Тлендиев көшесінде жауын-шашын суын қабылдайтын құдық пен кәріз коллекторын тазарту жұмыстары жүргізілді

Тлендиев көшесінде «Elorda Eco System» кәсіпорнының мамандары жауын-шашын суын қабылдайтын құдықты жиналған қоқыс пен түрлі ластанулардан тазарту, сондай-ақ кәріз коллекторын арнайы техника көмегімен шаю бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында құдықтың ішкі бөлігі жиналған қалдықтардан тазартылып, коллектор желісінде шаю жұмыстары орындалды. Бұл шаралар жаңбыр және еріген қар суларын уақытылы әрі тиімді бұруды қамтамасыз етуге, құбырлардың бітелуіне жол бермеуге және нөсерлік кәріз желілерінің өткізу қабілетін қалыпты деңгейде сақтауға бағытталған. Жауын-шашын суын қабылдайтын құдықтар мен коллекторларды жүйелі түрде тазарту – нөсерлік кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Уақтылы жүргізілетін профилактикалық жұмыстар желілердің техникалық жағдайын жақсартуға және қолайсыз ауа райы жағдайларында судың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізілген аумақ қоқыстан тазартылып, тиісті санитарлық жағдайға келтірілді. «Elorda Eco System» қала аумағындағы нөсерлік кәріз желілерін күтіп ұстау, жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.