Баспасөз орталығы

Нөсер кәріз коллекторын тазалау жұмыстары жүргізілді

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары елордадағы нөсер кәрізі нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде тиісті іс-шаралар жүргізуде. Жоспарлы жұмыстар аясында электрлі шығырдың (лебедка) көмегімен нөсер кәріз коллекторы тазартылды. Жұмыс барысында құбырдың қалыпты жұмыс істеуіне және ағын сулардың еркін өтуіне кедергі келтірген шөгінділер мен бөгде заттар шығарылды. Сонымен қатар, арнайы илосос техникасының көмегімен лайлы шөгінділер сорылып алынды. Атқарылған жұмыстар коллектордың өткізу қабілетін арттыруға және жауын-шашын кезінде болуы мүмкін су басу жағдайларының алдын алуға бағытталған. Нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарын күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

ELORDA ECO SYSTEM қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық және алаяқтықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді

2026 жылғы 24 маусымда «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен семинар-дәріс өткізді. Іс-шара барысында қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл, дропперлік қызметтің алдын алу, сондай-ақ қаржылық сауаттылық пен қаржылық гигиенаның негіздері бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

«Есіл» ауданында нөсерлі кәріз жүйесіне мониторинг жүргізілді

«Есіл» ауданының әкімі Қыдырбекұлы Дарменияр Алғатбекұлының қатысуымен Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы нөсерлі кәріз коллекторы учаскесіне көшпелі тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында аудан әкімі «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК авариялық-қалпына келтіру бригадаларының ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығын тексеріп, сондай-ақ телеинспекцияға арналған арнайы техниканың жұмысымен танысты. Кәсіпорын мамандары заманауи телеинспекциялық жабдықтың жұмысын көрсетті. Аталған жабдық құбырлардың ішкі жағдайын диагностикалауға, ақауларды анықтауға және инженерлік желілердің техникалық жай-күйін жер қазу жұмыстарын жүргізбей-ақ бақылауға мүмкіндік береді. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қаланың нөсерлі кәріз жүйесі нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

Elorda Eco System қызметкері республикалық чемпионатта жүлделі орын иеленді

2026 жылғы 21 маусымда Павлодар қаласында ардагерлер арасында кросстан Қазақстан Республикасының VI чемпионаты өтті. Аталған жарысқа «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Қырықбаев Асылан Серікұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Кәсіпорын ұжымы Асылан Серікұлын лайықты жетістігімен құттықтап, оған зор денсаулық, толағай табыс және жаңа спорттық жеңістер тілейді. Айта кету керек, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті қызметкерлер арасында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Чемпионатқа қатысуға байланысты барлық шығындар кәсіподақ ұйымы есебінен өтелді. Салауатты өмір салтын насихаттау және спортты қолдау кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Елордадағы нөсер кәрізі жүйесін тұрақты қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жұмысшы бригадалары тарапынан елорданың қалалық нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы пайдалану-техникалық іс-шаралар жүйелі негізде жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар аясында: ▪️ Абай және Кенесары көшелері бойынша су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттыру, бітелулердің алдын алу және атмосфералық жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басу қаупін азайту мақсатында коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдау құрылғыларын тазалау жұмыстары орындалды; ▪️ Әулие ата көшесі бойынша жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз өткізу мақсатында арық жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарының техникалық жарамды жағдайын сақтау, жерүсті суларын уақытылы бұру және қаланың көше-жол желісінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды мәнге ие. Кәсіпорын бригадалары тәулік бойы инженерлік желілердің жай-күйіне мониторинг жүргізіп, елорданың су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы талаптары мен өндірістік регламенттерді сақтай отырып орындалды.

Есіл ауданында нөсерлі кәріз жүйесі тазартылды

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары тарапынан елорданың қалалық нөсерлі кәріз инфрақұрылымының тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы пайдалану-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында «Есіл» ауданындағы Алматы және Қонаев көшелері бойында нөсерлі кәріз жүйесін кешенді тазалау және гидродинамикалық жуу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыстар су бұру желілерінің өткізу қабілетін арттыру, бітелулердің алдын алу, жауын-шашын және жерүсті суларын уақытылы бұру, сондай-ақ мол жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басу қаупін азайту мақсатында орындалды. Өндірістік іс-шаралар барысында мамандандырылған бригадалар тарапынан нөсер суын қабылдау элементтері мен құбыр желілерінің учаскелері лай шөгінділерінен, тұрмыстық қоқыстардан және жүйенің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіретін өзге де ластаушы заттардан тазартылды. Барлық жұмыстар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындалды. Жұмыстарды бастамас бұрын қызметкерлерге міндетті нұсқама жүргізіліп, қажетті жеке қорғаныс құралдары пайдаланылды, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым нысандарында жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптары толық сақталды. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК нөсерлі кәріз нысандарын күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімді жұмыс істеуін және елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етуде.

«Elorda Eco System» кәсіпорнында қызметкерлерді құрметтеу дәстүрі жалғасуда

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді құрметтеу дәстүрі жалғасуда. Кәсіпорынның бас директоры мерейтой иесін салтанатты түрде құттықтап, зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек жолын аяқтаған қызметкерге шынайы алғысын білдірді. Кездесу барысында олардың жоғары кәсібилігі, көпжылдық адал еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Кәсіпорын басшылығы әрбір қызметкердің еңбегі ұйымның ортақ жетістігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе, кәсіпорынның қалыптасуына үлес қосқан, мол тәжірибесін жас мамандарға үйреткен еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі. «Elorda Eco System» кәсіпорнында еңбек адамдарына құрмет көрсету, өндіріс ардагерлеріне қолдау білдіру және әрбір қызметкерге назар аудару корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорын әрдайым мына қағиданы ұстанады: ешбір еңбек ескерусіз қалмайды, ешбір қызметкер ұмытылмайды. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұжым бірлігін арттырып, кәсіпорынның одан әрі дамуына оң ықпал етеді.

Елордадағы нөсер кәрізі нысандары тұрақты күтімде

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жұмыс бригадалары қаланың нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарына қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында: ▪️ Сәтбаев көшесінде Camel-1200 канал жуу техникасының көмегімен бақылау құдығын жуу жұмыстары атқарылды; ▪️ Талғар көшесінде жаңбыр суын кедергісіз ағызуды қамтамасыз ету мақсатында науалар қолмен тазартылды; ▪️ Сарыарқа ауданының «Кенесары» БКНС тазарту құрылыстарында іргелес аумақты абаттандыру, сондай-ақ нысанның қауіпсіздігін арттыру және тиісті санитарлық жағдайын сақтау мақсатында қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар нөсер кәрізі жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, су басу қаупінің алдын алуға, нысандардың санитарлық жағдайын сақтауға және қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға бағытталған. Коммуналдық нысандарды уақтылы күтіп ұстау және жаңғырту – елорда тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастырудағы маңызды жұмыстардың бірі.

«Elorda Eco System» ардагерлерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы мереке — 9 мамыр, Жеңіс күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шынайы құттықтауларын жолдап, терең алғыстарын білдірді. Осы атаулы күні кәсіпорын өкілдері ардагерлерге арнайы барып, мерекемен құттықтап, олардың соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі теңдессіз ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін ризашылықтарын жеткізді. Жеңімпаз ұрпақтың ерлігі әрдайым ержүректік пен табандылықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің символы болып қала береді. Біз бейбітшілік пен бостандықты қорғап, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқан жандарға алғыс білдіруді мақтан тұтамыз. «Elorda Eco System» алдағы уақытта да ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ардагерлерге қолдау көрсетіп, халықтың ұлы ерлігін құрметтей береді. Ардагерлерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілейміз.

MEGA Silk Way маңында жаңа жаңбыр суын қабылдағыш құдықтың құрылысы аяқталды

“MEGA Silk Way” сауда ойын-сауық орталығы ауданында жаңа жаңбыр суын қабылдағыш құдығының құрылысы жүргізілді. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің қызметкерлері нөсерлік кәріз жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Жұмыс аясында қолданыстағы инженерлік желілерге қосылған жаңа жаңбыр суын қабылдау құдығы орнатылды. Негізгі мақсат — жауын-шашын кезінде жер үсті суларын жедел бұруды қамтамасыз ету және іргелес аумақта су басудың алдын алу болды. Жаңа нөсерлік инфрақұрылым элементінің құрылысы: - қолданыстағы желілерге түсетін жүктемені азайтуға; - жүйенің өткізу қабілетін арттыруға; - жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; Жұмыстар барлық техникалық және құрылыс нормаларын сақтай отырып, жоспарлы түрде жүргізілді.

«Elorda Eco System»: кәсібилік пен еңбекті ұлықтау рәсімі өтті

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де кәсіпорын қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы, сондай-ақ аталған кәсіподақтың «Астана» қалалық филиалы тарапынан Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара барысында кәсіпорын директоры үздік қызметкерлерге марапаттарды табыстап, олардың қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мен коммуналдық қызметтердің сапасын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын мен саланың дамуына ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосып келе жатқан мерейтой иелеріне ерекше назар аударылды. Олардың кәсібилігі, іске деген адалдығы мен жинақтаған тәжірибесі жас мамандарға үлгі болып табылады. «Elorda Eco System» ұжымы барлық қызметкерлерге еңбектеріне жауапкершілікпен қарағандары үшін шынайы алғыс білдіріп, алдағы уақытта табыс, тұрақтылық және амандық тілейді.

«Elorda Eco System»-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға арналған семинар өтті

«Elorda Eco System» кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кәсіпорында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары қарастырылып, қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары айтылды. Бұзушылықтардың алдын алу және жұмыста адалдық, ашықтық пен айқындық қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметкерлердің осындай іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету және күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру — «Elorda Eco System» қызметіндегі басым бағыттардың бірі.