Баспасөз орталығы

ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Бүгін «Elorda Eco System» кәсіпорнында кәсіби құзыреттілікті арттыру, қызмет сапасын жақсарту және ішкі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ауқымды оқыту семинары өтті. Семинар барысында кәсіпорын қызметіндегі өзекті екі мәселе талқыланды: 1️⃣ Азаматтардың өтініштерімен сапалы жұмыс – басты назарда «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркелетін тұрғындардың арыз-шағымдарын уақытылы және сапалы қарау – әр қызметкердің тікелей міндеті. Бұл бағытта Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасының ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес қабылданатын шаралар таныстырылды. Спикерлер – Құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Б. Бектемисова және заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Асылбек – өтініштермен жұмыстағы жүйелі кемшіліктерді атап өтіп, оларды жою жолында нақты іс-шаралар мен жол картасын ұсынды. 2️⃣ KPI жүйесін енгізу – әділ әрі нәтижеге бағытталған бағалау тетігі KPI (Key Performance Indicators) – қызметкерлердің жұмыс нәтижесін нақты көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік беретін заманауи жүйе. Бұл жүйе еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділікке бағытталған жұмыс жасауға және әділ бағалауға негізделген. Аталған тақырып бойынша баяндамалармен бас директордың орынбасары Ф. Хамидулла мен жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы Ж. Султанова сөз сөйлеп, жүйенің құрылымы, бағалау критерийлері мен кезеңдері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Семинарға кәсіпорынның басшылық құрамы мен қызметкерлері толық қатысты. Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Бұл семинар – кәсіпорын қызметіндегі жаңашылдықты енгізу мен тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

САЛА МАМАНДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні. Аталған кәсіби мереке қарсаңында «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметкерлері ерекше құрметке ие болды. Елорда тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында қолайлы орта қалыптастырып, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарына кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» қалалық филиалының атынан үздік қызметкерлерге құрмет грамоталары берілді. Салалық кәсіподақ тарапынан арнайы техника жүргізушісі Абеев Нұрлан Амантайұлы «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – күн-түн демей еңбек етіп жүрген сала майталмандарына көрсетілген лайықты құрметтің бір көрінісі. Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін! #elordaecosystem #astana

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні

Құрметті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері! Сіздерді 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қала тіршілігінің тынысы – сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Сапалы қызмет көрсету, тазалық пен тәртіпті сақтау, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз – зор құрметке лайық. «Elorda Eco System» ұжымы атынан осы мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, қажыр-қайрат пен кәсіби табыс тілейміз! Еңбектеріңіз әрқашан ел игілігіне айнала берсін! Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК

Бірлік пен жанашырлық – ұжымымыздың басты құндылығы!

Ақмола облысы, Біржан сал ауданында орын алған су тасқынына қарсы күреске “Elorda Eco System” кәсіпорны бейжай қарамай, өз үлесін қосып, көмекке арнайы техника мен білікті мамандарын жіберді. Төтенше жағдай кезінде кәсіпорын атынан ерікті ретінде атсалысып, шынайы жанашырлық пен азаматтық жауапкершілік танытқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз! Қиын-қыстау сәтте ештеңеден тайсалмай, алдыңғы шепте жүрген “Elorda Eco System” кәсіпорнының апаттық-қалпына келтіру слесарлары Ердібек Болатбек Болатбекұлы мен Бейсен Нұрислам Есімбекұлына, сондай-ақ арнайы техника жүргізушісі Абеев Нурлан Амантаевичке кәсіпорынның бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан алғыс хаттар табысталды. Ел басына күн туған шақта кәсіпорын басшылығы бейжай қалмай, нақты іспен көмек көрсетіп, өзінің жауапты ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ арнайы техника жүргізушісі Төлегенов Ешмұхамбет Қайроллаұлын 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Жарты ғасырлық белес – бұл өмір жолындағы айтулы кезең. Осыған орай кәсіпорын мен жергілікті кәсіподақ ұйымы атынан құрмет хат пен 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы табысталды. Осындай жанашыр, еңбексүйгіш әрі жауапкершілігі жоғары мамандар – біздің командамыздың алтын қоры екенін зор мақтанышпен атап өтеміз! #elordaecosystem #кәсіпорынмақтаныштары #астана

Тазалық — өз аулаңнан басталады!

🔹Бүгін “Elorda Eco System” ұжымы экологиялық айлық шеңберінде табиғатқа жанашырлық танытып, сенбілікке шықты. Бұл — тек қоқыс жинау емес, бұл — экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы нақты әрекет! 🚜🌊Қызметкерлер мекеме айналасын күл-қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Арнайы техника көмегімен кәсіпорын алаңында шаңды басу үшін су шашылып, сыпырылды. ⭐️Мұндай бастамалар ұжымның бірлігін арттырып, әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін оятады. Өйткені табиғат — бәрімізге ортақ құндылық! #elordaecosystem #astana #тазақазақстан #сенбілік

Телеинспекция роботының артықшылықтары

«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны өндірістік үдерістерге заманауи технологияларды енгізу арқылы қызмет сапасын арттыруда. Соның айқын мысалы арнайы жабдықпен қамтылған «Телеинспекция көлігі». Аталған көлік көмегімен желідік диагностика бөлімі мамандары Тұран даңғылы бойындағы нөсер кәріз желілерінің техникалық жағдайын тексеріп, тазалық деңгейін бағалады. Телеинспекция роботының бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, бұл құрылғы: • адам өміріне қауіпті аймақтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді; • автономды режимде жұмыс істеп, үлкен аумақтарды қысқа мерзімде тексереді; • 360° шолу жасайтын камерамен жабдықталған; • термобейнелеу арқылы ақаулар мен су ағу орындарын нақты анықтайды; • қараңғыда көру және деректерді нақты уақыт режимінде беру мүмкіндігіне ие. Бұл технологиялық шешімдер инженерлік желілердің жай-күйін жоғары дәлдікпен бақылауға және уақтылы техникалық шаралар қабылдауға жол ашады. «ELORDA ECO SYSTEM» коммуналдық кәсіпорны елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруі үшін тәулік бойы қызмет көрсетуді жалғастырады.

Су басудан қорғау шаралары 🚧💧

Жаңбыр мен еріген қар суларының жиналуын болдырмау — қаламыз үшін маңызды мәселе. Осы мақсатта “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің мамандары нөсерлі кәріз жүйелерін жақсарту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Тәуелсіздік даңғылы мен А. Байтұрсынұлы көшесінің қиылысындағы учаскеде қосымша жаңбыр қабылдағыш құбырлар орнатылып, магистральды жүйеге қосылды. Бұл жаңбыр суларының тиімді ағуын қамтамасыз етіп, көшелердің су басу қаупін төмендетеді. Елорда тұрғындары үшін жайлы орта жасау — біздің басты міндетіміз! #elordaecosystem #елорда #Astana

⚜️Қуатты сорғы – тұрақты жүйе, сенімді қорғаныс!

✅Су тасқынына қарсы шаралар жүйелі түрде жалғасуда. “ELORDA ECO SYSTEM” мамандары “Сарыарқа” ауданы, Медеу–Оқжетпес көшелерінде орналасқан сорғы станциясының жұмысын күшейту бағытында нақты қадамдар жасауда. 🔝Ескі 7,5 кВт сорғының орнына қуаты 13,5 кВт швециялық “Flygt” заманауи сорғысы орнатылды. 📍Жаңартудың басты артықшылықтары: * Су өткізу қабілеті едәуір артты; * Құрылғының қызмет ету мерзімі ұзартылды; * Төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі күшейді. 🔹“ELORDA ECO SYSTEM“ кәсіпорны – су бұру жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолында еңбек етуде.

НАУРЫЗ АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

✅ «ELORDA ECOSYSTEM» кәсіпорны – Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. 📌Наурыз айында кәсіпорын тарапынан келесі ауқымды жұмыстар атқарылды: 🔹 4 923 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 14 994 метр құбыр жуылды; 🔹 6 556 метр құбыр буландырылды; 🔹 23 344 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды; 🔹 40 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 189 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 1 865 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды; 🔹 Су тасқыны басталғалы бері жалпы 128 358 м³ су тартылып шығарылды. Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

🌿 “Elorda Eco System” ұжымы сенбілікке шықты! 🌍

Таза қала – әрбірімізден басталады! Бүгін “Elorda Eco System” ұжымы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып, сенбілік өткізді. Қызметкерлер кәсіпорын ғимаратының айналасын күл-қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Қолымызға тырма алып, әр бұрыштың таза әрі көрікті болуына күш салдық. Біз үшін экология – жай ғана сөз емес, бұл – өмір салты! Қоршаған ортаны қорғау мен күтіп-баптау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Сондықтан сенбілікке шығу – тек тазалық шарасы емес, болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Бірге атқарылған жұмыс – күш! Егер әр адам өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстаса, біз әлдеқайда жасыл әрі жайлы ортада өмір сүрер едік. Бүгінгі сенбілік – соның бір дәлелі! Таза қала – жарқын болашақ! Сен де үлес қос! 🌱✨ #elordaecosystem #сенбілік

«Elorda Eco System» – адалдық пен ашықтық жолында!

«Elorda Eco System» кәсіпорнында заң талаптарын сақтау, әділдік пен ашықтық қағидаларын нығайтуға бағытталған түсіндіру шарасы өтті. Іс-шарада мемлекеттік сатып алулар, техникалық шарттар беру және сәйкестік туралы декларацияға қол қою кезіндегі ықтимал тәуекелдер талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жолдары қарастырылды. «Таза ниет – адал қызмет!» қағидатын ұстанған кәсіпорын басшылығы барлық қызметкерлерді әділдік пен парасаттылықты басты орынға қоюға шақырды. «Elorda Eco System» адал еңбек пен ашықтықты қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырады. Біз әділ қоғам үшін бірге күресеміз!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!

“Elorda Eco System” кәсіпорнында басшылық пен қызметкерлердің қатысуымен мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған жиналыс өтті. Күн тәртібінде: ✅ Мемлекеттік сатып алуды дұрыс жоспарлау ✅ Техникалық ерекшеліктерді нақты әзірлеу ✅ Тауарлар мен қызметтердің сапасын мұқият қабылдау ✅ Құжаттарды веб-порталда уақытылы рәсімдеу ✅ Кепілдік мерзімдері мен сәйкестік сертификаттарын талап ету ✅ Ішкі нұсқаулықтарды өзектендіру Бұл шаралар ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Әрбір қызметкер әділдік қағидаларын ұстанып, заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс!