Баспасөз орталығы

Құрметті аналар!

Сіздерді Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ана – өмірдің алтын тірегі, мейірім мен махаббаттың шексіз қайнары. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен жылы жүректеріңіз әр шаңыраққа шаттық пен тыныштық сыйлайды. Қоғамның дамуы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесінде Сіздердің үлестеріңіз зор. “Elorda Eco System” ұжымы атынан әр анаға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр және сарқылмас қуаныш тілейміз! Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз әрдайым қуаныш пен махаббатқа бөленсін! Аналар күні құтты болсын! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы

Құрметті ардагерлер мен қала тұрғындары!

Сіздерді Жеңіс күнімен – бейбітшілік пен батырлықтың, ұлт бірлігі мен отансүйгіштіктің символына айналған қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтіп отырмыз. Бұл — жанын аямай жауға қарсы тұрған аталарымыз бен апаларымыздың ерен ерлігіне тағзым етіп, олардың асқан батырлығын мәңгі есте сақтайтын ерекше күн. Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы атынан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шексіз алғыс білдіреміз. Сіздердің ерлігіңіз – болашақ ұрпақ үшін өлшеусіз өнеге, биік рухтың жарқын көрінісі. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміз аман, аспанымыз ашық болғай! Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы

Тыл ардагерлері мерейтойлық медальмен марапатталды

Соғыстың сұрапыл жылдарында қолына қару алмаса да, тылдағы табанды еңбегімен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың ерлігі ерекше. Олар – таңнан кешке дейін тынымсыз жұмыс істеп, майдан даласындағы жауынгерлерге сенімді тірек болған еңбек ерлері. Бүгінгі бейбіт күн сол жандардың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің жемісі. Олардың еңбегі – ел есінде, ерлігі – ұрпаққа өнеге. Осы үнсіз ерліктің иелерін құрметтеу – біздің перзенттік парызымыз. Осыған орай, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері елордадағы тыл ардагерлерін Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерейтойлық төсбелгісін табыстады. Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – өшпес ерлік пен еңбектің бағалануы. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! #elordaecosystem #ардагерлер #80жылжеңіске

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Отан қорғау – қасиетті парыз, ал елге адал қызмет ету – ең үлкен абырой. «Elorda Eco System» ұжымы барша ер-азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен елге деген адалдықтарыңыз – мемлекетіміздің тыныштығы мен дамуының берік тірегі. Саналы ұрпақ тәрбиелеу мен бейбіт өмірдің бағасын арттыру жолында қосып жатқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте толағай табыс пен жарқын болашақ тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ізгі тілекпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы

Батырлық — жүректе!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында “Elorda Eco System” кәсіпорнының нәзік жанды әріптестері ер азаматтарды ерекше ықыласпен құттықтады! Күнделікті еңбекте тынымсыз тер төгіп, кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген әрбір жүргізуші мен слесарьдан бастап, басшылық құрамға дейін – барша азаматтарға жылы лебіз айтылып, арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл — тек сыйлық емес, құрметтің, ризашылықтың белгісі! Отанға адал қызмет ету – тек әскерде емес, өз ісіңе деген жауапкершіліктен басталады. Біздің батырлар – қатарымызда! Кәсібіне адал, елжанды әріптестеріміз аман болсын! #elordaecosystem #astana #отанқорғаушыларкүні #7мамыр

Күн сайын көрінбейтін күрес

Жаңбыр жауса, қала тынысы тарылмай, жайлы өмір жалғасуы үшін бір топ маман күн сайын көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты жұмысты атқарып жүр. Бұл – «Elorda Eco System» қызметкерлерінің еңбегі. Қала бойынша 675 шақырымнан астам нөсерлі кәріз жүйесі – біздің жауапкершілігімізде. Таңғы сағат 6-дан бастап мамандарымыз «Camel», «Volvo», «Крот» сияқты заманауи техникамен жабдықталып, нөсер қабылдағыштар мен коллекторларды лай мен қоқыстан тазартады. Әр түтік, әр тор – елорданың тыныс алу жүйесі секілді. Бұл жұмыстың мақсаты – су бұру жүйесінің еш қиындықсыз әрі үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасау. Біздің міндет - елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта сыйлау! «Elorda Eco System» қызметкерлері — қала жүрегінің тынысын ашатын құбыр ішіндегі қаһармандар! #elordaecosystem #astana

Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Elorda Eco System» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған VIII шақырылым депутаттары мен Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Амангелдіұлы Сыздыков «Elorda Eco System» коммуналдық кәсіпорнына арнайы келді. Іс-шара барысында кәсіпорынның бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы делегацияны мекеменің негізгі бағыттарымен, өндірістік әлеуетімен, еңбек ұжымының жетістіктерімен және материалдық-техникалық базасымен кеңінен таныстырды. Қонақтар өндірістік аумақты аралап, арнайы техникалардың көрсетілімін тамашалады. Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда: * 674,5 шақырым нөсерлік кәріз жүйесі күтіп-бапталуда; * Кәсіпорын теңгерімінде 118 сорғы станциясы және 18 тазарту құрылысы жұмыс істейді; * Су тасқынының алдын алу шаралары аясында «Тұран» БКНС нысанында 8 жаңа сорғы қондырғысы орнатылды. Өндірістік база таныстырылымынан кейін мәжіліс залында презентациялық слайд арқылы мекеме қызметінің негізгі нәтижелері баяндалды. Ашық форматтағы диалог барысында депутаттар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынып, оларды шешудің тиімді жолдары бірлесе қарастырылды. Халық қалаулыраның бұл сапары коммуналдық инфрақұрылымның дамуына және салааралық ынтымақтастықтың нығаюына өз септігін тигізді. #elordaecosystem #astana #елорда #мәслихат #халыққалаулылары #депутат

☘️✅“Elorda Eco System” ұжымы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты

“Elorda Eco System” кәсіпорны Астана қаласындағы жалпықалалық сенбілік жұмыстарына белсенді түрде атсалысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады. Сенбілік барысында кәсіпорынның 5 негізгі учаскесінде ауқымды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: • Жетiген көшесі бойында (Алаш тасжолынан А. Пушкин көшесіне дейін), • Кәсіпорынның өндірістік базасында, • Тазарту ғимараттары мен сорғы станцияларының аумақтарында, • Қала аумағындағы нөсерлі кәріз жүйелерінде. Іс-шараға “Elorda Eco System” кәсіпорнының 347 қызметкері белсенді қатысты. Сенбілік нәтижесінде: • Жетiген көшесі бойынан 1 тоннадан астам қоқыс жиналды; • Кәсіпорын аумағынан 15 м³ (шамамен 4 тонна) тұрмыстық қалдықтар шығарылды; • Тазарту ғимараттарынан 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды; • Сорғы станциялары аумағынан 1,8 тонна қатты қалдықтар жиналды; • Нөсерлі кәріз жүйелерінен 1 тоннадан астам қоқыс жиналды. “Elorda Eco System” ұжымы қаланы көркейтуге, табиғатты қорғауға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса отырып, қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті. Тазалық — әрқайсымыздан басталады! #ElordaEcoSystem #ТазаҚазақстан #Жалпықалалықсенбілік #Сенбілік #Субботник

“Elorda Eco System” қиын шақта қолдау көрсетті

Елімізге түскен ауыр сын сағатта әрбір игі іс — шынайы патриотизмнің көрінісі. “Elorda Eco System” ұжымы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына қолдау көрсету үшін арнайы көмек жіберді. Атап айтқанда, Қызылжар ауданындағы төтенше жағдайға 1 бірлік манипулятор техникасы, кәсіпорынға тиесілі сағатына 800 текше метр су айдай алатын мотопомпа және “Астана Су Арнасының” 1000 текше метрлік қуатты мотопомпасы жөнелтілді. Кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлы мен басшылық құрам тасқынмен күресуге аттанған қызметкерлерімізді салтанатты түрде шығарып салып, оларға сәттілік пен жігер тіледі. Осындай сын сағатта жұдырықтай жұмыла білген әріптестеріміздің ерлігі мен жанашырлығына шынайы алғысымызды білдіреміз! Біргеміз — мықтымыз! #elordaecosystem #сутасқынынақарсы

Мерейлі 60 жас!

«Elorda Eco System» ұжымы арнайы техника жүргізушісі Қаратаев Жарылқап Кенжебайұлын 60 жасқа толған мерейлі жасымен шын жүректен құттықтайды! Бұл жас – өмірлік тәжірибе мен даналықтың, табандылық пен толысқан еңбектің белгісі. Жарылқап Кенжебайұлы өз ісіне адал, тәртіпті, еңбекқор маман ретінде ұжымда зор құрметке ие. Оның жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен жауапкершілікке толы қызметі баршамызға үлгі. Осы атаулы күні кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан Құттықтау хатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев табыстап, Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды. Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, тәжірибесі мол мамандар – біздің ұжымның алтын қоры, баға жетпес байлығы!

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына CNP маркалы сорғылардың жұмыс істеу тәртібі таныстырылды

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына CNP маркалы сорғылардың жұмыс істеу тәртібі таныстырылды Кәсіпорын қызметкерлері үшін тұрмыстық, кәріздік және екі жақты тарту мүмкіндігі бар CNP маркалы сорғылардың құрастыру, жинақтау және жұмыс істеу тәртібі бойынша оқыту өткізілді. Аталған сорғыларды жеткізуші – «Альянс ПроектСтрой Сервис» ЖШС. Серіктестіктің техникалық директоры мен өкілдері сорғы станциясы және тазарту құрылыстарының пайдалану қызметі мамандарына сорғы жабдықтарының құрылымы мен техникалық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, практикалық кеңестер берді. Бұл оқыту сорғы жабдықтарын тиімді пайдалану мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

⚽️🏆 ФУТЗАЛДАН Б.САТТАРХАНОВ КУБОГЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Осы атаулы жыл аясында елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде футзалдан Сидней олимпаиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов кубогы үшін ауқымды жарыс өтуде. Жарысқа іріктелген 20 үздік құрама қатысуда. Солардың арасында «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметкерлерінен құралған құрама да бар. Жігіттеріміз алаңда нағыз командалық рухты көрсетіп, өз тобында шебер ойын өрнегін көрсетуде. Бұл — «Elorda Eco System» ұжымының бұқаралық спортты қолдауға, салауатты өмір салтын ұстануға және ұйымшылдықты нығайтуға деген зор ықыласын білдіреді.