Баспасөз орталығы

СУ КОЛЛЕКТОРЫ «ЖҮК ТАРТҚЫШ» ӘДІСІМЕН ТАЗАРТЫЛУДА

💧Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Elorda Eco System» кәсіпорыны өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. 🔹 Қазіргі уақытта «Алматы» ауданының Индустриялық парк аумағында, Кендірлі көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм су жеткізу коллекторы лай мен қатты қалдықтардан тазартылып жатыр. 🛠️ Тазарту жұмыстары арнайы механикалық «жүк тартқыш» (лебедка) әдісімен жүргізілуде. Бұл тәсіл құбыр ішіндегі шөгінділерді тиімді жоюға мүмкіндік береді.Аталған шаралар нөсерлі кәріз желілерінің өткізгіштік қабілетін арттырып, жауын-шашын кезіндегі су басу қаупінің алдын алуға бағытталған. #elordaecosystem #astana #елорда #лебедка

НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК, СУ ТАСҚЫНЫНА ТОСҚАУЫЛ

Астанада жауыннан кейін көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары. Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Нұра» ауданындағы Тұран даңғылы бойында орналасқан диаметрі 1000 мм болатын магистральды нөсер коллекторын «Camel» арнайы техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, нөсерқабылдағыштар да лай мен қоқыстан тазартылуда . Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара. Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі.

ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНА ПЛОМБЫ ҚОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

🔧 Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі тазарту құрылыстарында орналасқан су есептеу құралдарына “Есіл бассейндік инспекциясы” РММ мамандары пломба орнату жұмыстарын жүргізді. ✅ Бұл шаралар: ▪️ су ресурстарын тиімді және мөлдір бақылауды қамтамасыз ету; ▪️ су есептерінің дәлдігін арттыру; ▪️ су нысандарын заң талаптарына сәйкес пайдалануды бақылау мақсатында жүзеге асырылды. 📍 Аталған жұмыстар кәсіпорын мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл аясында, бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды. #elordaecosystem #astana #тазартуқұрылысы #очистныесооружения

Су тасқынының алдын алу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

🌧️ Қала тұрғындарының жайлылығы үшін «Elorda Eco System» мекемесі «Нұра» ауданы, Ұлы Дала даңғылы бойында орналасқан №3/3 тазарту құрылысы нысанының аумағында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 📍 Аталған жобаның аясында: ▪️ Диаметрі 1000 мм болатын апаттық ағызу коллекторы төселуде; ▪️ 4 сорғыға арналған жаңа жинақтау камерасы салынуда; ▪️ Диаметрі 315 мм болатын екі құбыр тартылды; ▪️ Екі апаттық сорғы орнатылды. 🚧 Бұл жұмыстар «Есіл» және «Нұра» аудандарындағы нөсерлі кәріз жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, қатты жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупінің алдын алуға бағытталған. ✅ Бұл – қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам #elordaecosystem #astana #ливнёваясистема

Ақылы қызметтер: Клиент пікірі

«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтардың нөсер кәріз жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын маңызды кәсіпорын. Кәсіпорын - нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын болдырмай, су бұру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыруға атсыласуда. 💧 Кәсіпорын жайлы орта үшін ақылы ақылы негізде де сапалы қызмет көрсетеді. 🔹 Нөсерлі кәріз желілері мен коллекторларды лай, қоқыс және құрылыс қалдықтарынан тазарту; 🔹 Құбырішілік желілерді телеинспекция автолабороториясы арқылы диагностика жасау; 🔹 Арнайы техника: VOLVO, CAMEL, КРОТ, манипулятор, экскаватор, ассенизаторлық машина, самосвал – бәрі дайын! 📍 Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру – басты мақсатымыз! 📞 Қызметке тапсырыс беру немесе кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз: +7 7172-918-455 (Орталық диспетчерлік қызмет) #elordaecosystem #astana #ақылықызмет #платныеуслуги #ливнёвка

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

“Elorda Eco System” кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. ✅ Кәсіпорын тарапынан 2025 жылдың басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар: 🔹 9235 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 84 842 метр құбыр жуылып, тазартылды; 🔹 665 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Инженерлік жүйелерден 2359 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 87 130 метр арық-науа желілері тазартылды; 🔹 10 134 метр құбыр буландырылды. 📌 “Elorda Eco System” кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы, 24/7 режимінде жұмыс істейді. #elordaecosystem #нөсерлікәрізжелілері #ливневаяканализация #ees #elordaecosystem #нөсерлікәрізжелілері #ливневаяканализация #ees

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Бүгін – халқымыздың тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн – мыңдаған жазықсыз жандардың азапты тағдырын еске алу, оларды мәңгі есте сақтау күні. Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұжымы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым етеді. Еліміздің егемендігі мен бірлігін сақтау жолында аянбай еңбек еткен барлық аға буын өкілдеріне алғысымыз шексіз. Бабалар аманатын, тарих тағылымын ұмытпай, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту – баршамыздың борышымыз. Ұрпақтарымыздың санасында әділдік пен азаттықты қастерлейтін рухты сақтай білейік!

«Elorda Eco System» ұжымы мерейлі жасқа толған әріптестерін шын жүректен құттықтады!

Тазарту құрылысын пайдалану қызметінің операторы Сүлейменов Темирхан Абдельманович – 63 жас зейнеткерлік мерейлі жасқа жетіп, өз саласына сіңірген еңбегімен ұжымның зор құрметіне бөленген. Табанды еңбегі мен адалдығы – баршамызға үлгі. Еңбектің нағыз үлгісі болған маманға кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан Еңбек ардагері» төсбелгісі мен алғыс хатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Кәсіпорын басшылығы атынан мерейлі 60 жасқа толған «Алматы» ауданы нөсерлі кәріз жүйесінің апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесары Алданов Женис Рамазанович пен мерейлі 50 жасқа толған кезекші электромонтер Габдрахов Жангельды Бахытовичке де Құттықтау хат табысталды. Айта кетсек, үш қызметкерге Кәсіпорын Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды. Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, тәжірибесі мол мамандар – біздің ұжымның алтын қоры, баға жетпес байлығы! Құттықтаймыз, сіздерге мықты денсаулық пен бақыт тілейміз!

ЖЫЛ БАСЫНАН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

✅ «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны – Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. 📌Жыл басынан кәсіпорын тарапынан келесі ауқымды жұмыстар атқарылды: 🔹 8769 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 72 624 метр құбыр жуылды; 🔹 85 310 метр арық-науа желілері тазартылды; 🔹 614 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 2039 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 22,7 км желілер телеинспекция автолобаротриясымен тексерілді. 🔹 Су тасқыны басталғалы бері жалпы 660 448 м³ су тартылып шығарылды. Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

«Elorda Eco System» – Таза Қазақстан үшін! 🌿

Біз “Астана су арнасы” мен “Астана Тазалық” ұжымдарынан экологиялық челленджді қабыл алып, табиғатты көгалдандыру ісін жалғастырдық! Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының бастамасымен ұжымымыз тазарту құрылысы мен өндірістік база аумағына алма және ирга ағаштарын отырғызды! 🍏🌳🌿 Бұл – табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам, әрі болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдырудың айқын көрінісі. Ағаш отырғызу – жай ғана іс емес, болашаққа салынған сенім көпірі! ✨ Экоэстафетаны “Астана-Көгалдандыру құрылысы” ЖШС ұжымына жолдаймыз! ♻️

“Elorda Eco System” тазарту нысандарындағы есептегіш құралдарға тексеру жүргізілді

Экологиялық қауіпсіздік пен ресурстарды тиімді басқару — біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осыған орай, “Elorda Eco System” кәсіпорны теңгеріміндегі тазарту құрылыстарында орнатылған есептегіш құралдарға жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында су тұтыну мен ағынды сулардың көлемін нақты өлшеуге мүмкіндік беретін құралдардың техникалық жай-күйі мен дәлдігі бағаланды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, суды есепке алу және үнемдеу тиімділігін арттыруға бағытталған. Кәсіпорын алдағы уақытта да коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру мен заманауи технологияларды енгізу бағытында жұмыстарды жалғастырады. #elordaecosystem #тазартуқұрылысы #ОчистныеСооружения #Экология #ВодныеРесурсы

«Адал қызмет – жарқын болашақтың кепілі!»

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК – адалдық пен ашықтықты басты құндылық ретінде ұстанады. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Егер сіз кәсіпорында қандай да бір сыбайлас жемқорлық белгілерін немесе күдікті жағдайларды байқасаңыз, біздің жедел желіге хабарласыңыз: +7 (707) 759-39-98 (сенім телефоны, *құпиялық сақталады) «Адал қызмет – жарқын болашақтың кепілі!» «Elorda Eco System» — таза ой, адал қызмет, сенімді болашақ! #elordaecosystem