Кезекті жұмыс күнінде “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК “Алматы” ауданы бойынша нөсерлі кәріз желілерін күтіп-ұстау қызметінің бригадасы күтпеген жағдайға тап болды. Көше бойында көлік жанып жатқанын көрген бригадир Абикенов Бахтияр, слесарьлар Почуйко Александр, Уахитов Бахтияр және арнайы техника жүргізушісі Аубакиров Дастан бірден көмекке ұмтылды. Кәсіпорын теңгеріміндегі арнайы канал жуу техникасының көмегімен жалынды ауыздықтауға атсалысып, жағдайды бақылауда ұстады. Азаматтық жауапкершілік пен шапшаң шешімнің арқасында көлік иесіне үлкен қауіп төнген жоқ. Бұл – кәсіби шеберлікпен қатар, адам өмірі мен мүлкін сақтауға бағытталған шынайы жанашырлықтың көрінісі. Күнделікті жұмыс барысында тек өз міндетін орындап қоймай, батылдық пен азаматтық жауапкершілік танытқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Жазғы нөсер жауын – табиғаттың тосын сыйы. Соңғы күндері Астана қаласында мол жауын шашын түсуде. “Elorda Eco System” кәсіпорны елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорынның білікті мамандары мен арнайы техникалары жаңбыр суының жиналуын болдырмау, көшелерді, жаяу жүргінші жолдары мен аулаларды су басудан сақтау мақсатында тәулік бойы қызмет етеді. 🌃 Қала тұрғындары тәтті ұйқыда жатқанда, біз инфрақұрылымды сақтау жолында тынымсыз еңбек етудеміз. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ әрбір тұрғын жайлылығы үшін маңызды жұмыс. 💧 Су бұру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі – біздің басты міндетіміз!
2025 жылға арналған жұмыс жоспарына және Бас директордың тапсырмасына сәйкес Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-профилактикалық шара өткізілді. Шара барысында қызметкерлерге еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы өзгерістер, комплаенс қызметінің рөлі мен міндеттері, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған талаптар түсіндірілді. Кәсіпорын жұмыскерлері заң талаптарын, ішкі тәртіп ережелері мен корпоративтік этиканы қатаң сақтауға шақырылды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
Соңғы күндері Ресей Федерациясы мен Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр ірі қалалардың тіршілігін біраз уақытқа тоқтатты. Көшелерді су басты, көлік қозғалысы шектелді, ал жаяу жүргіншілер мен тұрғын үйлерге едәуір қолайсыздық туды. Тәжірибелі мамандар бұл жағдайды соңғы ғасырдағы ең ірі табиғи апаттардың бірі деп бағалап отыр. Себебі кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері жылдық нормадан бірнеше есе артық түскен. Бұған дейін де ұқсас жағдайлар инженерлік инфрақұрылымы мықты саналатын Біріккен Араб Әмірліктерінде, Араб түбегінің өзге елдерінде және Испанияда тіркелген болатын. Мұндай кезде нөсерлі кәріз жүйелерінің қуаттылығы мен тиімділігі үлкен сынаққа ұшырайтыны белгілі. Дегенмен жауын-шашын шамадан тыс мөлшерде түскен жағдайда ешбір жүйе 100% кепілдік бере алмайды, себебі бұл желілер орташа климаттық нормаларға негізделіп жобаланады. 🔍 Неліктен нөсерлі кәріз жүйесі кейде суды өткізе алмай қалады? 1. Жаңбырдың шамадан тыс көп мөлшерде түсуі шұғыл жауған жауын бір сағатта 50–70 мм-ге дейін жеткен жағдайда нөсерлі кәріз жүйесі мұндай көлемді көтере алмайды. 2. Құбыр диаметрінің тарлығы және ескірген инфрақұрылым – су өткізу қабілетін күрт төмендетеді. 3. Қаланың тығыз салынуы – табиғи сіңіру аймақтарының азаюы нәтижесінде барлық су асфальт, бетон жабындармен ағып, тікелей кәріз жүйесіне түседі. 4. Инженерлік жобалаудағы кемшіліктер – су ағымының бағыты, еңістік бұрышы дұрыс есептелмесе немесе құбырлар орталық коллекторға жалғанбай, тұйық орналасса, ағын тоқтап қалады. 5. Нөсерлі кәрізге заңсыз қосылулар – жерасты сулары, тұрмыстық немесе құрылыс қалдықтары коллекторларды толтырып, жүйенің өткізгіштігін күрт төмендетеді. 📍 Астана қаласында қандай жұмыстар атқарылуда? Ауа райының құбылмалы сипатын ескере отырып, Астана қаласында нөсерлі кәріз жүйелерін күтіп ұстау және алдын алу шаралары күшейтілген тәртіппен жүргізілуде. Қазіргі таңда «Elorda Eco System» кәсіпорны тәулік бойы – 24/7 режимінде жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда: • Коллекторлар мен арық жүйелері «Крот», «Volvo», «Camel» сынды арнайы техникалардың көмегімен тазартылуда; • Нөсер қабылдағыштар күнделікті тексеріліп, тазалығы бақылауда ұсталады; • Сорғы станцияларындағы қабылдау камералары үнемі тазартылады; • Тазарту нысандарындағы су деңгейі тұрақты негізде бақыланады. Қажет болған жағдайда жекелеген учаскелерде қосымша жедел тазалау және су өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары бірнеше мәрте қайталанып жүргізіледі. Бұл жүйелі шаралардың барлығы – қала тұрғындарының жайлылығы үшін атқарылып жатқан маңызды жұмыстар.
Соңғы кездері Астана қаласында нөсер жауын жиілеп, кей көшелерде су жиналу жағдайлары тіркеліп жатыр. Мұндай табиғи құбылыстардың артында нақты ғылыми негіздер бар. Соның бірі – интенсивті жауын-шашын шкаласы. 🔹Бұл не және ол не үшін қажет? Интенсивті жауын-шашын – бұл қысқа уақыт аралығында (әдетте 1 сағат ішінде) түсетін жауын-шашын мөлшері. Бұл көрсеткіш миллиметрмен өлшенеді және тікелей су басу қаупіне әсер етеді. Жауын-шашын аз уақыт ішінде тым көп мөлшерде жауғанда, жердің немесе инженерлік желілердің оны қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Нәтижесінде көшелерде су жиналып, қозғалыс қиындайды. 📈Назарларыңызға интенсивті жауын-шашынның кестесін ұсынамыз. 📍Мәселен, маусым және шілде айларында Астана қаласының кейбір аудандарында жауын мол түскен жағдайлар тіркелді. Бұл табиғи нормадан бірнеше есе артық. Осындай кезеңдерде «Elorda Eco System» кәсіпорнының мамандары тәулік бойы кезекшілікте болып, су бұру жүйесінің дұрыс жұмыс жасауын қадағалап отырды. Кәсіпорын тарапынан бас қаламыздағы нөсерлі кәріз желілері мен нөсерқабылдағыштарды жоспар бойынша тазалап, күнделікті бақылауды ұстайды.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсатсыз төгілетін сұйықтықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. Бүгін «Алматы» ауданында орналасқан №1 Индустриялық парк аумағындағы Кеңсаз көшесінде заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Анықталған дерек бойынша, кәсіпкерлік нысаннан шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулары «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға қарасты нөсер кәріз құбырына заңсыз төгілген. Оқиға орнында тиісті акт толтырылып, жағдай туралы экологиялық бақылау органдарына және жергілікті полицияға хабарланды. «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға тиесілі құбырлар мен магистральдарға қандай да бір рұқсатсыз сұйықтықтарды төгуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер экологияға айтарлықтай зиян тигізіп, су бұру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келдіреді. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымына кері әсерін тигізуі мүмкін. Экологияға жанашырлықты өзімізден бастайық!
Жаңбыр мен еріген қар суларының жиналуын болдырмау — қаламыз үшін маңызды мәселе. Осы мақсатта «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің мамандары нөсерлі кәріз жүйелерін жақсарту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Т.Рысқұлбеков көшесіндегі бірнеше тұрғын үйде жер асты суларының көтерілуі және жауын-шашын мөлшерінің көбеюі салдарынан тұрғындарға елеулі қолайсыздықтар туындаған еді. Осы мәселені шешу мақсатында, «Elorda Eco System» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен Алматы ауданы әкімдігі бірлесіп, нөсер суларын бұру жұмыстарын қолға алды. Атап айтқанда, тұрғын үйлердің маңынан магистральды жүйеге дейінгі аралыққа ұзындығы 150 метр, диаметрі 200 мм болатын су бұру құбыры тартылды. Бұл жаңбыр суларының тиімді ағуын қамтамасыз етіп, су басу қаупін төмендетеді. Елорда тұрғындары үшін жайлы орта жасау — біздің басты міндетіміз!
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмыскерлері жоғары деңгейде марапатталды. ⠀ Салада адал еңбек етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосқан Бас механик қызметінің колонна жетекшісі Коржумбаев Ерлан Толеуович пен сорғы станциясын пайдалану қызметінің дәнекерлеушісі Пронин Александр Александрович — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды. ⠀ Сондай-ақ, нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің слесарьлары Құрманғазы Жолдасбекұлы Қайнарбаев пен Бекзат Серікұлы Әубәкіровке — ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аманғали Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды. ⠀ Марапаттарды Кәсіпорын директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы салтанатты түрде табыстап, қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Бұл – тек марапат иелерінің емес, бүкіл ұжымның абыройы мен кәсібилігінің көрінісі. ⠀ «Elorda Eco System» ұжымы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жанашыр және тәжірибелі мамандарымен мақтанады. ⠀ Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы — Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана — ұлт рухының символы, өркендеу мен жаңғырудың айқын көрінісі. Елордамыз – Орталық Азиядағы ең көрікті, заманауи және қарқынды дамып келе жатқан шаһарлардың бірі. Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Ізгі тілекпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы әкімдігінің қолдауымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында шағын футболдан достық турнирі ұйымдастырылды. 🔹 Турнирге елорданың инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген алты ірі кәсіпорынның командалары қатысты: 🔸 «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК 🔸 «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК 🔸 «Астана-АЭК» АҚ 🔸 «Астана-Жылу транзит» АҚ 🔸 «АстанаТазалық» ЖШС 🔸 «Астана-Көгалдандыру» АҚ 🌟 Тартысты өткен додада «Elorda Eco System» құрамасы шеберлік пен ұйымшылдық танытып, IV орынды қанжығасына байлады! 🥉 Үшінші орын үшін таласта, өкінішке қарай, пенальти сериясында сәттілік жетіспей қалды. 👏 Турнирдің “ҮЗДІК ҚАҚПАШЫСЫ” атағы біздің мақтанышымыз –Бозтаев Ғалымжанға бұйырды!Ол – «Elorda Eco System» кәсіпорнының «Байқоңыр» ауданы нөсерлі кәріз жүйесін пайдалану қызметінің тәжірибелі слесары.Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «Байқоңыр» ауданы әкімдігіне алғысымыз шексіз! 🏆 Бұл турнир – тек спорт емес, еңбек адамын ұлықтау мен ұжымдық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды. Бұқаралық спортты дамыту – салауатты қоғамның кепілі!
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қаласында түрлі сала өкілдері арасында шығармашылық байқау өтті. «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән сайысы – мамандық иелерінің тек кәсіби ғана емес, өнердегі де шеберлігін паш етуге мүмкіндік берген тамаша алаң болды! Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен «Жастар сарайы» МКҚК жоғары деңгейде ұйымдастырды. Байқауға әртүрлі мекемелерден 30-ға жуық үміткер қатысып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізді. Осы сайыста «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК атынан қатысқан желілік диагностикалау бөлімінің инспектор-қадағалаушысы – Олжас Калиев өзінің ерекше орындау шеберлігімен жүлделі III орын иеленіп, кәсіпорын абыройын асқақтатты! Әріптесімізді кәсіпорын атынан шын жүректен құттықтаймыз! Олжасқа шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз! #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы
«Нұра» ауданы нөсерлі кәріз жүйесін пайдалану қызметінің апатты жұмыстарды қалпына келтіру слесары Магфор Толбохан мен арнайы техника жүргізушісі Ахметжанов Мальгаждар Абугалиевич зейнеткерлікке абыроймен жетіп, өз саласындағы қажырлы еңбектерімен ұжымның зор құрметіне бөленді. Өз ісіне адал, табанды, тәжірибелі мамандарға Кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен алғыс хаттар табысталды. Марапатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, ардагерлерімізге Кәсіпорын Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды. Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, білікті мамандар – біздің ұжымның алтын қоры мен баға жетпес байлығы! Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз! #elordaecosystem #мерейліжас #63жас