Баспасөз орталығы

Кәсіпорнымызда Конституциялық өзгерістерге арналған маңызды кездесу

Бүгін «Elorda Eco System» кәсіпорнында жаңа Конституцияға қатысты маңызды кездесу өтті. Жиынға Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Разбекова Лаззат Мұратқызы, «Ауыл» партиясының белсендісі Абдыханов Ұлан, «Аманат» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мамыканов Талғат Оразқанұлы, Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бейсов Олжабек Абайұлы және «Аманат» партиясының белсендісі Карманов Мекен Маратұлы қатысты. Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Кәсіпорын жұмыскерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық әрі еркін форматта өткен диалог барысында пікір алмасу ұйымдастырылып, ұсыныстар ортаға салынды. Мұндай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуына бағытталған маңызды бастамаларды терең түсінуге мүмкіндік береді. «Elorda Eco System» ұжымы қоғамдық маңызы бар мәселелерге белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайды.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ТЕРЕҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ғимаратында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынға Астана қалалық мәслихатының депутаты, мәслихаттың құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Владислав Сергеев қатысты. Ол қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Конституцияның 77 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Жаңартылған Конституция жобасы жаңа құрылымда әзірленіп, Преамбуладан және 95 баптан тұратын 11 бөлімді қамтиды. Аталған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашуға бағытталған. «Elorda Eco System» кәсіпорнының ұжымы елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды әрдайым қолдайды және мемлекет дамуына бағытталған бастамаларды іске асыруға өз үлесін қосып келеді. Кездесу барысында жұмыскерлер тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, тиісті түсіндірмелер берілді. Жиыннан кейін Владислав Алексеевич кәсіпорынның өндірістік базасын аралап көрді. Ол кәсіпорын жұмысымен танысып, өндіріс көлемін ұлғайту және тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстарды алдағы уақытта мәслихат сессиясында көтеретінін жеткізді.

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қазіргі таңда «Elorda Eco System» кәсіпорны тарапынан су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды. Су тасқынына қарсы шаралар аясында көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері нөсер кәріз жүйелерін жуып, қоқыс пен лайдан тазалап, олардың су өткізу қабілетін арттыруда. Сондай-ақ, арық-науа желілері, сорғы станциялары мен тазарту құрылғыларын қалың қар мен қоқыстан тазарту жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға, қаланың су басу қаупі бар аймақтарында су ағымын реттеуге бағытталған.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен Астана қаласы полиция департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының өкілі, полиция подполковнигі Абдуахитов Серикжан Миржанұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң талқыланды. Жиынға бас директордың бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов, басқарушы құрам және әкімшілік персонал толық қатысты. Қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық пен әділдік қағидаларын берік ұстану қажеттігі атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әр жұмыскердің тікелей борышы. Заңды құрметтеу – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі. Біздің ортақ міндетіміз – ашықтық пен әділеттілікке негізделген еңбек ортасын қалыптастыру.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Отандастар! Қадірлі Қазақ елі! Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, халқымыздың бірлігі мен еркіндігінің айқын белгісі. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін елге деген мақтаныш сезімді арттырып, жарқын болашаққа деген сенімді нығайтады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміз бейбітшілік пен тұрақтылық жолында дами берсін. Әр шаңыраққа береке-бірлік, зор денсаулық, мол табыс пен бақ-береке тілейміз. Тәуелсіздігіміз мәңгі, көк байрағымыз биік болсын! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы

МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов өндірістік учаскелерді аралап, еңбек майданындағы жұмыскерлерді мерекемен құттықтады. Сайлаубек Дүйсенбекұлы нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің 6 ауданындағы апатты жағдайларды қалпына келтіру слесарлары мен бригадирлерін, сондай-ақ тазарту құрылғылары мен сорғы станцияларында еңбек етіп жүрген мамандармен жүздесті. Кездесу барысында жұмыскерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алынды. Тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етіп жүрген «көрінбейтін майданның жауынгерлеріне» ерекше көңіл бөлініп, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілегі айтылды. Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының бастамасымен барлық жұмыскерлерге Тәуелсіздік күніне орай мерекелік сыйақы төленді. Тәуелсіз елдің дамуы – адал еңбекпен! 🇰🇿 Еңбектеріңіз елене берсін!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Elorda Eco System» кәсіпорнында салтанатты жиын өтті. Егемен еліміздің ең қастерлі мерекесіне арналған шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, оған кәсіпорын басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімдердің жұмыскерлері қатысты. Салтанатты жиында кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары Сайлаубек Махметов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел игілігі жолында адал еңбек етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген кәсіпорын ұжымына алғысын білдірді. Мереке аясында ұжым үшін ерекше қуанышты жаңалық та жарияланды. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия ашық чемпионатында қолкүрестен алтын жүлде иеленген нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің «Нұра» ауданы бригадиры Әубәкіров Бекзат Серікұлына зор құрмет көрсетілді. Кәсіпорын басшылығы әріптесіміздің иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, қаржылай сыйлық табыстап, жеңісімен шын жүректен құттықтады. Бұл – кәсіпорын жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігімен қатар, спортта да ел намысын абыроймен қорғап жүргенінің айқын дәлелі. Шара соңында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисттері өнер көрсетіп, әсем әндерімен мерекелік көңіл күй сыйлады. #Тәуелсіздіккүні #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #чемпион

НӨСЕРЛІ КӘРІЗ ЖЕЛІСІ – КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ ҚАЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕСІ

Бас қаламыздың инженерлік желілердің ішінде нөсерлі кәріз жүйесінің рөлі ерекше. Бұл жүйе жауын-шашын кезінде көшелердің су астында қалмауын қамтамасыз етеді. Осы маңызды бағытта тынымсыз еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Кенжетаев Мұрат Башимұлы, «Elorda Eco System» кәсіпорнының нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің «Нұра» ауданындағы апатты-қалпына келтіру слесары. Мұрат Башимұлы өзінің күнделікті еңбегі мен нөсерлі кәріз жүйесінің маңыздылығы жайлы «Вечерняя Астана» газетіне берген сұхбатында жан-жақты айтып берді. Ол өз сөзінде қаланың астында орналасқан жүйелердің қалай жұмыс істейтінін, жауын кезінде қандай тәуекелдер болатынын және бұл еңбектің артында қаншама жауапкершілік жатқанын атап өтті. Elorda Eco System кәсіпорнының мамандары — қаламыздың «көзге көрінбейтін қаһармандары». Олар кез келген ауа райында жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, елорда жұтшылығына қолайлы орта қалыптастыру үшін қызмет етеді. 📖 Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз: 👉 vechastana.kz/serdcze-goroda-pod-zemlej

НӨСЕРҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫ ТАЗАЛАУ – СЛЕСАРЬЛАРДЫҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ

«Elorda Eco System» кәсіпорны бас қаламыздағы су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Ауа райы жауын-шашынды болған кезде қаланың көшелері суға толып кетпеуі үшін нөсер кәріз жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл жүйенің басты элементтерінің бірі – нөсерқабылдағыштар. Кәсіпорынның слесарь мамандары аумағы құрылыс қалдықтары мен лай-қоқысқа толған нөсерқабылдағыштарды арнайы техника көмегімен және көбіне қолмен тазартады. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және күш-жігерді талап етеді. Дәл осындай жүйелі әрі күнделікті қажырлы жұмыс жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алуға орасан зор септігін тигізіп, желілердің су өткізу қабілетін арттырады. «Elorda Eco System» кәсіпорны бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру жолында жұмыстарын үздіксіз жалғастырады. #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы

АРЫҚ-НАУА ЖЕЛІЛЕРІ ТАЗАРТЫЛУДА

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» кәсіпорнының теңгерімінде 51 шақырымнан астам арық-науа желілері бар. Биыл жалпы ұзындығы 137 986 метр арық-науа жүйесі қыс мезгілінде қар мен мұздан, көктемде қоқыс пен лайдан толық тазартылды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның арнайы бригадалары «Сарыарқа» ауданында арық-науа желілерін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — нөсер және еріген қар суларын дер кезінде бұру жұмыстарын қамтамасыз ету.

«Elorda Eco System» кәсіпорны қаланың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жалғастыруда

Қазіргі уақытта кәсіпорынның жөндеу-құрылыс учаскесі «Нұра» ауданында орналасқан құдықтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу барысында еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталуда. Әрбір қызметкердің қауіпсіздігі – кәсіпорынның басты басымдығы. #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий