
АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР
#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий

#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий

Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Elorda Eco System» кәсіпорыны өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта «Алматы» ауданының Индустриялық парк аумағында, Кендірлі көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм нөсерлі коллектор лай мен қатты қалдықтардан тазартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 6900 метр коллектор лай мен қоқыстан, құрылыс қалдықтарынан тазартылды. Тазарту жұмыстары арнайы механикалық «жүк тартқыш» (лебедка) әдісімен жүргізілуде. Бұл тәсіл құбыр ішіндегі шөгінділерді тиімді жоюға мүмкіндік береді. Аталған шаралар нөсерлі кәріз желілерінің өткізгіштік қабілетін арттырып, жауын-шашын кезіндегі су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК — елорда мен қала маңындағы аумақтардың нөсер кәріз жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарын үздіксіз атқарып келе жатқан маңызды коммуналдық кәсіпорын. 2024 жылы кәсіпорын мамандары 141 935 метр коллекторды жуып, тазалау жұмыстарын жүргізген болса, 2025 жылдың 29 қазанына дейінгі көрсеткіш — 241 363 метр! Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51%-ға артық нәтиже. Сондай-ақ, су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбырларды тазалау көлемі де айтарлықтай артты. Мәселен 2024 жылы бұл көрсеткіш – 10 310 дананы құраса, 2025 жылғы бүгінгі көрсеткіш – 13 513 дана, яғни 31%-ға көп! Мұның бәрі – елорданың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолындағы жүйелі еңбектің нәтижесі.

Бұл күн – елдің тұтастығы мен еркіндігінің символы. Осы айтулы мерекеде баршаңызға бейбіт өмір, молшылық, игілік және Отанымыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы

25 қазан – Республика күні қарсаңында «Elorda Eco System» кәсіпорнының бірқатар қызметкерлері ерекше құрметке ие болды. Елорда тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, қолайлы қалалық орта қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Қасымбек пен Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Амангелдіұлы Сыздықовтың атынан алғыс хаттар табыс етілді. Бұл марапат – өз ісіне адал, күн-түн демей еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға әрі лайықты құрметтің көрінісі. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз жана берсін! Сіздерге кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! #elordaecosystem #astana #республикакүні #жұмысшымамандықтаржылы

25 қазан - Республика күні құтты болсын!

ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ 25 қазан – Республика күні қарсаңында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының кеңесшісі Жұмағұлов Болат Файзрахманұлы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 🏅 Бұл – өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген жоғары құрметтің белгісі. Әріптесімізді осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құжат айналымы – кез келген ұйымның тиімді жұмыс істеуінің негізгі тетігі. Бұйрықтардың дұрыс әрі сауатты рәсімделуі – құжаттардың заңдық күшін арттырып, олардың орындалуын қамтамасыз етудің басты шарты. «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК мәжіліс залында «Бұйрықтарды дайындау және рәсімдеу талаптары», еOtinish платформасымен жұмыс істеу тақырыбында оқыту өтті. Оқытуды құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Бектемісова Бақыт Ғазизқызы жүргізді. Іс-шараға қызметтер мен бөлім басшылары, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу талаптары, құжат айналымындағы негізгі қағидалар туралы маңызды ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды. Бұл семинар құжаттардың сапасын арттыру, ресми бұйрықтарды әзірлеу және рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Құжат сапасын арттыру – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Сондықтан мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің құзыреттілігін арттырып, құжат айналымын жетілдіруге үлкен үлес қосады.
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК манипулятор жүргізушісі Абеев Нұрлан Амантайұлы – өз ісінің нағыз шебері, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқылы ұжым арасында зор құрметке ие маман. Кәсіпорын құрылған күннен бастап аянбай еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Амантайұлы манипулятор көлігімен өндіріске қажетті сорғы жабдықтарын, мотопомпаларды, құбырлар мен өзге де материалдарды уақтылы жеткізіп, техникалық бөлім жұмысының үздіксіз жүруіне айрықша үлес қосып келеді. Биылғы көктемде су тасқынына қарсы төтенше шаралар кезінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында арнайы техникасымен елеулі еңбек етіп, табиғи апат салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысқан. Кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі еленіп, алғыс хат және марапаттармен құрметтелді. Нұрлан Амантайұлы сынды мамандар – ел дамуының тірегі, еңбек адамдарының жарқын үлгісі! #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий

Ауа райы жауын-шашынды болған кезде қаланың көшелері суға толып кетпеуі үшін нөсер кәріз жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл жүйенің басты элементтерінің бірі – нөсерқабылдағыштар. Кәсіпорынның слесарь мамандары аумағы құрылыс қалдықтары мен лай-қоқысқа толған нөсерқабылдағыштарды қолмен тазартады. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және күш-жігерді талап етеді. Дәл осындай жүйелі әрі күнделікті қажырлы жұмыс жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алуға орасан зор септігін тигізіп, желілердің су өткізу қабілетін арттырады. «Elorda Eco System» кәсіпорны бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру жолында жұмыстарын үздіксіз жалғастырады.

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында II-7-Пригородный тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді. Арнайы техника көмегімен қуаты 160 кВт болатын «Flyght» маркалы сорғы қондырғысы көтеріліп, толық диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды. Қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақтала отырып, сорғының жұмыс дөңгелектері мұқият тексеріліп, тазаланды. Кабельдердің механикалық жағдайына тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жабдықтан ешқандай ақаулар анықталған жоқ. Бұл іс-шаралар су бұру жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. «Elorda Eco System» мамандары бас қаламыздың тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында күнделікті еңбектеніп келеді. #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы #елорда

Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA Eco System» ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Дархан Кулжамбеков мекемедегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде баяндама жасады. Жиынға басқарушы құрам толық қатысып, жұмыскерлерге заң нормаларын қатаң сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық пен әділдік қағидаларын берік ұстану қажеттігі тағы да атап өтілді. Жиынға бас директордың бірінші орынбасары Марат Маркабаев төрағалық етті. Марат Оңайбайұлы мемлекеттік қаржысын тиімді, негізді және заңды пайдалануды атап өтті. Әрбір маман өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбаған жағдайда ғана ұйымның тұрақты дамуы мен беделі нығаяды. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әр қызметкердің тікелей борышы. Заңды құрметтеу – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі. Біздің ортақ міндетіміз – ашықтық пен әділеттілікке негізделген еңбек ортасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек жекелеген адамның ғана емес, барша ұжымның ортақ жауапкершілігі екенін есте ұстайық.