Баспасөз орталығы

НӨСЕРҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫ ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ – СЛЕСАРЬЛАРДЫҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ

Ауа райы жауын-шашынды болған кезде қаланың көшелері суға толып кетпеуі үшін нөсер кәріз жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл жүйенің басты элементтерінің бірі – нөсерқабылдағыштар. Кәсіпорынның слесарь мамандары аумағы құрылыс қалдықтары мен лай-қоқысқа толған нөсерқабылдағыштарды қолмен тазартады. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және күш-жігерді талап етеді. Дәл осындай жүйелі әрі күнделікті қажырлы жұмыс жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алуға орасан зор септігін тигізіп, желілердің су өткізу қабілетін арттырады. «Elorda Eco System» кәсіпорны бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру жолында жұмыстарын үздіксіз жалғастырады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

“ELORDA Eco System” ШЖҚ МКК ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл шаралардың басты мақсаты – жұмыскерлер арасында заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру. Әрбір жұмыскер өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбаған жағдайда ғана кәсіпорынның тұрақтылығы мен беделі артады. ✅ Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір қызметкердің міндеті; ✅ Заңға бағыну – жеке қауіпсіздіктің және кәсіби абыройдың кепілі; ❌ Парақорлық пен өзге де құқықбұзушылықтар – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Құрметті әріптестер! Біздің ортақ мақсатымыз – ашықтық пен әділдікке негізделген жұмыс ортасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек жеке адамның ғана емес, барша ұжымның жауапкершілігі екенін ұмытпайық. Заңды мүлтіксіз орындап, өз ісімізге адал болсақ – кәсіпорынның тұрақтылығы артып, қоғамдағы сенім нығаяды.

СОРҒЫЛАРҒА ТҮГЕНДЕУ МЕН ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗІЛДІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары қаламыздың инженерлік инфрақұрылымының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында II-1-Жағалау тазарту құрылғысында жоспарлы жұмыстар жүргізді. Арнайы техника көмегімен қуаты 140 кВт болатын екі “Flyght” маркалы сорғы қондырғысы көтеріліп, толық диагностика мен түгендеу жұмыстары жасалды. Атап айтқанда: • Сорғылардың жұмыс дөңгелектері мұқият тексеріліп, тазаланды; • Кабельдердің механикалық жағдайына тексеріс жүргізілді; • Қауіпсіздік техникасы талаптары қатаң сақталды. Нәтижесінде жабдықтардан ешқандай ақаулар анықталған жоқ. Барлық сорғылар қайтадан орнатылып, іске қосылды. Қазіргі уақытта тазарту құрылғысында сорғы қондырғылары толықтай жұмыс режимінде. Бұл іс-шаралар су бұру жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. «Elorda Eco System» мамандары елордамыздың тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру жолында күнделікті еңбектеніп келеді.

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бағытында дәріс ұйымдастырылды. Семинарды «Астана-ӨЭК» АҚ пайдалану сенімділігі мен техникалық қауіпсіздік қызметінің басшысы Б.Е. Жақанов жүргізді. Семинар барысында мамандарға түсіндірме жұмыстары жасалып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Бұл шара қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістік тәуекелдерді төмендетуге бағытталған. Қауіпсіздік – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

ЖҮЙЕЛІК ШЕШІМДЕР: НӨСЕР КӘРІЗІ КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас қаламыздағы су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Кәсіпорын мамандары «Алматы» ауданындағы Абылайхан даңғылы бойында орналасқан диаметрі 400 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Volvo» маркалы канал жуу техникасының көмегімен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, слесарь мамандар нөсерқабылдағыштарды механикалық түрде лай мен қоқыстан тазартуда. Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін күнделікті жүйелі әрі үздіксіз жасалынған жұмыстар жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – АДАЛДЫҚ ПЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және Этикалық кодекс нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Д.Б. Кулжамбеков пен комплаенс-офицер Р.М. Кульмаганбетов, кәсіпорынның бугхалтерия, мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жоспарлау-экономикалық бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында Кәсіпорын бөлімдерінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасулар болды. Бұл шара қызметкерлердің адалдық мәдениетін арттыруға, кәсіпорын ішінде ашықтықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталды. Іс-шара қорытындысы бойынша тиісті бөлімдердің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға ұсыныс берілді. Әрбір қызметкердің жауапкершілігі – әділдік пен адалдық қағидаттарын қатаң сақтау!

НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК

Астана қаласында жауын кезінде көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары. Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Сарайшық» ауданындағы Панфилов көшесінің бойында орналасқан диаметрі 800 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Camel» маркалы канал жуу техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара. Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар Кәсіпорын тарапынан күнделікті жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі.

НӨСЕРЛІ КОЛЛЕКТОР «ЖҮК ТАРТҚЫШ» ӘДІСІМЕН ТАЗАРТЫЛУДА

Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Elorda Eco System» кәсіпорыны өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Қазіргі уақытта «Алматы» ауданының Индустриялық парк аумағында, Кендірлі көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм нөсерлі коллектор лай мен қатты қалдықтардан тазартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1900 метр коллектор лай мен қоқыстан, құрылыс қалдықтарынан тазартылды. Тазарту жұмыстары арнайы механикалық «жүк тартқыш» (лебедка) әдісімен жүргізілуде. Бұл тәсіл құбыр ішіндегі шөгінділерді тиімді жоюға мүмкіндік береді. Аталған шаралар нөсерлі кәріз желілерінің өткізгіштік қабілетін арттырып, жауын-шашын кезіндегі су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.

Тәжірибе алмасу – сенімді жүйенің кепілі!

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы «Су Арнасы-Сервис» LTD компаниясының мамандарымен бірлескен тәжірибе алмасу өткізді. Кездесу барысында швециялық «Flygt» маркалы сорғыларды толыққанды жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстары іс жүзінде көрсетілді. Бұл тәжірибе: • Сорғы станцияларының жұмыс сенімділігін арттырады; • Мамандарымыздың кәсіби шеберлігін шыңдайды; • Халықаралық деңгейдегі заманауи технологияларды тиімді қолдануға жол ашады. Кәсіпорын теңгерімінде 118 сорғы станциясы бар. 2025 жылдың басында БКНС «Тұранда» қуаттылығы жоғары 8 жаңа «Flygt» сорғысы орнатылды. Бұл – бас қаланың су бұру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін айтарлықтай арттырған маңызды қадам. “Elorda Eco System” үздік тәжірибені енгізу арқылы елорда тұрғындарына жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және инженерлік жүйелердің сапалы, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге әрдайым басымдық береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адалдық пен ашықтық кепілі!

“Elorda Eco System” кәсіпорнында бірнеше бөлім мен қызмет жұмыскерлеріне бас директордың тапсырмасы және арнайы жоспар аясында комплаенс қызметінің басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ әрбір қызметкердің адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын ұстанудағы жеке жауапкершілігі түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, парасаттылық мәдениетін нығайту және кәсіпорын ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК, СУ ТАСҚЫНЫНА ТОСҚАУЫЛ

Астана қаласында жауын кезінде көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары. Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Есіл» ауданындағы Сығанақ көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм болатын нөсерлі кәріз коллекторын «Volvo» маркалы канал жуу техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, нөсерқабылдағыштарды лай мен қоқыстан тазарту жұмысы жүргізілуде. Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара. Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар Кәсіпорын тарапынан күнделікті жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі. #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы

ЖЫЛ БАСЫНАН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

“Elorda Eco System” кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. ✅ Кәсіпорын тарапынан 2025 жылдың басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар: 🔹 10 556 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 147 627 метр құбыр жуылып, тазартылды; 🔹 995 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 2677 метр су коллекторы жүк тартқыш (лебедка) тәсілімен тазартылды; 🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 4748 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 107 124 метр арық-науа желілері тазартылды; 🔹 Жалпы көлемі 902 997 м³ су тартылып шығарылды. Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.